Search
Close this search box.

FUSION PLUSTM Aircraft

FUSION PLUSTM молекулалық деңгейде байланысып, беттерді герметизациялайды және оларды қоршаған ортадағы ластаушылардан, зиянды ультракүлгін сәулелерден және жәндіктердің қышқылдарынан қорғайды. Сонымен қатар FUSION PLUS болмашы сызаттардың түсуіне және түсінің оңып кетуіне жол бермейді. Оның гидрофобтық қасиеті кір мен сұйықтықты жұқтырмайды, соның арқасында беттерді оңай тазалайсыз.

Алуан түрлі беттерге қолдануға арналып жасалған FUSION PLUS керамикалық жабыны бір қолданғаннан-ақ тамаша жылтыратады, жоғары деңгейлі гидрофобтық қорғаныс береді және сызаттардан қорғайды.

FUSION PLUSTM AIRCRAFT

FUSION PLUSTM – ұшақтар мен тікұшақтар үшін таптырмас қорғаныс. Оның жабыны ұшағыңызды тот басудан және мұз қатудан қорғайды, оның үстіне күтімге кететін қаражатыңызды үнемдейді.

Основные характеристики

ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ҚОРҒАНЫС

XPEL керамикалық жабыны ұшағыңыздың сыртын ұзақ уақыт бойы қорғап тұрады. Оның жылдар бойы өңі қашпай, шытынамай тұрады, соның арқасында ол ұзақ уақытқа арналған тиімді қорғаныс болмақ.

ТАЗАЛАУҒА ОҢАЙ

XPEL керамикалық жабынының теп-тегіс бетін оп-оңай тазалап алуға болады. Бұл жабынға кір немесе балшық жұқпайды, сондықтан оны шүберекпен немесе жұмсақ щеткамен тазалап ала аласыз.

УЛЬТРАКҮЛГІН СӘУЛЕЛЕРГЕ ТӨЗІМДІ

Бұл жабын ультракүлгін сәулелерге төзімді, соның арқасында ұшақтың бояуы оңып кетпейді, түсі жоғалмайды. XPEL керамикалық жабыны ұшағыңыздың сыртқы түстерінің қанық болып қалуына мүмкіндік береді.

СЫРТҚЫ КӨРІНІСІН ЖАҚСАРТАДЫ

Бұл керамикалық жабын жоғары деңгейде жылтырап, теп-тегіс қабат жасау арқылы ұшақтың сыртқы көрінісін жақсартады. Соның арқасында ұшағыңыз ерекшеленіп тұрады әрі қымбат көрінеді.

ҚОРШАҒАН ОРТА ЛАСТАУШЫЛАРЫНАН ҚОРҒАЙДЫ

XPEL керамикалық жабыны ұшағыңызды құстың саңғырығы, жәндіктердің қалдығы, ағаш шырыны және қылқыл жаңбыр сияқты қоршаған орта ластаушыларынан қорғайды. Осы ластаушылардың кесірінен ұшақтың сыртына зақым келуіне жол бермейді.

КЕРАМИКАЛЫҚ ЖАБЫННЫҢ БАСҚА ДА ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

ҚАПТАУЫШ МАТЕРИАЛДАР

Керамикалық жабынның арқасында теңдессіз жайлылық пен тазалық сезініңіз, ол – ұшағыңыздың салоны мен қаптама материалдарды дақтан, кірден және тозудан қорғайтын таптырмас құрал.

ӘЙНЕК

Кристалдай тұнық көрініс. Кез келген биіктікте ұшағыңыздың әйнегін мұнтаздай таза ұстап, сызат түсірмейтін және түрлі элементтерден қорғайтын инновациялық ерітінді.

ҰСЫНЫС ЖАСАУ

Обязательные поля помечены *

Вы собираетесь покинуть сайт

Если вы нажмете «Продолжить», вы попадете на XPEL.com, англоязычный веб-сайт. Если вы хотите остаться на xpel.kz, закройте это сообщение.

Спасибо !

Ваш запрос был отправлен и получен. Пожалуйста, дайте нам 24 часа, чтобы ответить.

Если вам нужно позвонить нам, вы можете связаться с нами по 8 (495) 745-69-33.